Тұрғын үй қоры елордалықтарға қолжетімді баспананың 3 бағдарламасын ұсынады

Астананың Тұрғын үй қоры "Бақытты Отбасы" бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға жолдама алу үшін өтініштер қабылдауды жалғастыруда, ол 31 шілдеде аяқталады (I кезең). 

Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаға қатысушылар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен 20 жылға дейін жылдық 2% мөлшер бойынша Нұр-Сұлтаннан тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй қарыздарын алуға мүмкіндіктері бар. Несиенің ең жоғары сомасы 15 млн.тг.

"Бақытты Отбасы" бағдарламасына мүгедек балаларын тәрбиелеп отырған, көп балалы немесе толық емес отбасылар қатыса алады. Жоғарыда көрсетілген санаттардың бірі бойынша елордада тұрғын үй алуға кезекке үміткерлерді қою да міндетті шарт.

Отбасының бір мүшесінің табысы 42500 теңгеден аспауы тиіс.  Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуға болады. 

Осы бағдарлама бойынша өту үшін келесі кезеңдерден өту керек: 

1) тұрғын үй қорынан жолдама алу ( Р. Қошқарбаев даңғылы, 39) 

2) Алған жолдамамен Тұрғын үй құрылыс Жинақ банкіне барып төлемқабілеттілігін растау  

Бастапқы нарықты таңдау кезінде қатысушылар Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында берілетін бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін 1 млн.теңге мөлшерінде тұрғын үй сертификаттарын ала алады.  Қайталама нарықты таңдаған жағдайда тұрғын үй құнының 10% бастапқы жарнасын ТҚЖБ-дағы шотқа енгізген жөн.  

Сонымен қатар, "Нұрлы Ертіс" бағдарламасына көп балалы отбасыларды қабылдау жалғасуда. Оның аясында Нұр-Сұлтаннан Екібастұз қаласына 105-тен астам астаналық отбасы немесе 500-ден астам адам көшірілді. 

Оған 3 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады. Қатысушыларға Екібастұз қаласында айлық төлемі шаршы метріне 99 тг болатын 2 және 3 бөлмелі пәтерлер беріледі. Бағдарлама орташа еңбекақысы 120 мың теңгеніні құрайтын жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Сонымен қатар балалар балабақшаға тегін орналастырылады, сондай-ақ мектеп формасы мен керек-жарақтары беріледі. Бағдарлама балаларды балабақша мен 11 сыныпқа дейінгі мектепте тегін тамақпен қамтамасыз етуді көздейді. Балаларға және бір ата-ана үшін көліктік жол жүру билеттері де беріледі.  

Пәтерлер 5 жыл өткеннен кейін жекешелендіру құқығымен бастапқы жарнасыз беріледі. Сондай-ақ, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою, ерлі-зайыптылардың біреуінің жоғары немесе кәсіптік-техникалық білімінің болуы қатысу үшін міндетті шарт.

Одан бөлек "Еңбек" бағдарламасына екі және одан да көп балалары бар отбасылар қатыса алады. Сонымен қатар, қатысушылардың тракторшы, бас бухгалтер, механизатор, камаз жүргізушісі, комбайнер, дәнекерлеуші, аудармашы, малшы, ветдәрігер, психолог, малшы, сауыншы, зоотехник, нефролог-дәрігер, кардиолог, отоларинголог, онколог, маммолог, зертханашы, медбике, мұғалімдер мен тәрбиешілер мамандықтары бойынша дипломы болуы тиіс. Мұндай білімдері болмаған жағдайда тегін оқу мүмкіндіктері қарастырылған. 

Бағдарлама Солтүстік Қазақстан облысының үш ауданында: Ғабит Мүсірепов атындағы, Мағжан Жұмабаев атындағы, Мамлют аудандарында тұрғын үйлерді ұсынады. 70-тен 150 шаршы метрге дейінгі тұрғын үйдің алаңына байланысты жалдау ақысы 7000 теңгеден 14850 теңгеге дейін өзгереді. Сонымен қатар қоныс аударушыларға отбасының әрбір мүшесіне 88374 тенгеден бір реттік әлеуметтік көмек берілетін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы