Қолы көгеріп, аяғы іскен: Дәрігерлер Трамптың денсаулығы туралы айтты
Ақ үй жариялаған медициналық қорытындыда АҚШ президентінің денсаулығы жақсы екені белгілі болды.
Ақ үй X әлеуметтік желісінде АҚШ президенті Дональд Трамптің кезекті медициналық тексеру нәтижелерін жариялады.
Президенттің емдеуші дәрігері Шон Барбабелланің айтуынша, 79 жастағы мемлекет басшысының денсаулығы өте жақсы және ол президенттік міндетін толық атқара алады.
Тексеру осы аптада Уолтер Рид атындағы ұлттық әскери-медициналық орталықта өткен.
Дәрігер Трамптың аяқтарындағы аздаған ісіну өткен жылмен салыстырғанда азайғанын, сондай-ақ қолында жеңіл көгерулер бар екенін айтты. Оның пайда болуы жиі қол алысумен және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін аспирин қабылдаумен байланыстырылады.
Қорытындыға сәйкес, АҚШ президентінің жүрек, өкпе және жүйке жүйесінің жұмысы қалыпты жағдайда. Сондай-ақ тексеру барысында депрессия, мазасыздық немесе когнитивтік бұзылыстар белгілері анықталмаған.
Алдын алу мақсатындағы кеңес беру жүргізілді. Оның аясында тамақтану режимі, аз мөлшерде аспирин қабылдау, физикалық белсенділікті арттыру және салмақты азайту жұмыстарын жалғастыру бойынша ұсыныстар берілді, – делінген қызметтік жазбада.
Мәліметке сәйкес, Трамптың бойы – 190 см, салмағы – 108 келі.
- Непалда су тасқынынан кейін мектептерді қалпына келтіруге $15 млн-нан астам қаржы қажет 19:10
- Астанада салынып жатқан бес қабатты үйден өрт шықты 18:08
- Президент БРИКС cаммитінде бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті 17:50
- Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті 17:15
- Ақмола облысында 148 гектар аумақтағы дала өрті сөндірілді 16:51
- Тегін берілетін дәріні заңсыз сатқан: 60-тан астам дәріхана мен медициналық ұйым жазаланды 16:15
- Сарапшы: Трамптың құттықтауы АҚШ-тың Қазақстанға ерекше назар аударып отырғанын көрсетеді 15:55