"Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" директорының орынбасарлары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС-де бірқатар ауыс-түйіс болды. 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Садуақасова Айгүл Кәкімбекқызы "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС директорының орынбасары болып тағайындалды.

Айгүл Сәдуақасова 1973 жылы туған.

Еуразия ұлттық университетін бітірген. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ. "Әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар және үдерістер" мамандығы бойынша әлеуметтану ғылымдарының докторы.

1995-1997 ж.ж. – С.Сейфуллин атындағы аграрлық университетінің әлеуметтану кафедрасының оқытушысы.

2001-2002 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі БАҚ департаментінің бас маманы.

2002 ж. – ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі БАҚ департаментінің БАҚ-ты есепке алу және мониторинг бөлімін басқарды.

2002-2003 жылдары - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясы Мемлекеттік басқару және Мемлекеттік қызмет теориясы мен практикасы ҒЗИ директорының орынбасары.

2005-2006 жылдары - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының социологиялық орталығының жетекшісі.

2006-2007 ж.ж. - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Саяси технологиялар кафедрасының доценті.

2006-2007 ж. ж. - "KazEnergy" қауымдастығының сарапшы-талдаушысы.

2007-2010 жылдары – Nur Otan партиясы Парламентаризм институты социологиялық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі.

2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңірінде Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі.

2020 жылдың маусымынан бастап "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС директорының орынбасары.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Құсманғали Ғалымжан Мұратұлы "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС директорының орынбасары болып тағайындалды, - делінген хабарламада.

Ғалымжан Құсманғали 1983 жылы Қарағанды облысының Жәйрем кентінде дүниеге келген.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

2005 ж. - "Астана қаласының Ішкі саясат департаменті" ММ Саяси партиялармен жұмыс бөлімінің жетекші маманы.

2006 ж. "Астана қаласының Ішкі саясат департаменті" ММ Саяси партиялармен жұмыс бөлімінің бас маманы, Жастармен және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бас маманы.

2007 ж. "Астана қаласының Ішкі саясат департаменті" ММ Талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы.

2008 ж. ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің сарапшысы, Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы.

2013 ж. "Нұр Отан" ХДП орталық аппаратының саяси жоспарлау департаментінің директоры.

2015 ж. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Халықаралық байланыстар және хаттама бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты, ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Ақпараттық-талдау бөлімінің бас консультанты.

2016 ж. ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының кеңесшісі.

2018 ж. - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы хатшылығының кеңесшісі.

2019 ж. ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық жаңғырту департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2020 ж. "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры.

2020 жылдың маусымынан "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС директорының орынбасары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы