Қолдан жасалған долларды сатпақ болған бір топ тұлға ұсталды

Алматыда бір топ жеке тұлғалар криптовалюталарды сатып алу желеуімен жалпы сомасы 20 300 АҚШ доллары болатын жалған 100 долларлық купюраларды сатуды көздеген, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сақтау және сатуға әрекет жасау фактісін ҚМА Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады.

Көлік құралын тексеру барысында ұсталғандардың бірінен 3 дана жасанды 100 АҚШ доллары қолма-қол ақша табылып, тәркіленді.

Мамандардың қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған 2006 және 2017 жылғы үлгідегі жалпы сомасы 20 600 долларын құрайтын банкноттар АҚШ Федералдық резервтік банкі шығарған банкноттарға сәйкес келмейді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдіктілерге қатысты «қамау түріндегі» бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - Архив
Өзгелердің жаңалығы