Отандық дзюдошы: Қолда тұрған алтыннан айырылып қалдым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Будапештте аяқталған Гран-при турнирінің күміс жүлдегері Елдос Жұмақанов Olympic.kz сайтына сұхбат берді.
Спортшының cөзінше, ол қолда тұрған алтыннан өз қателігі салдарынан айырылып қалған.
"Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атандым. Қате өзімнен кетті. "Әне лақтырамын, міне лақтырамын" деп өзіме тым сенімді болып кеттім. Қарсыласты айлама түсірем деп жүргенде өзім таза жеңілдім. Қолда тұрған алтын еді. Бұйырғаны күміс болды. Бұл жерде өзімнің қателігім тұсау болды. Мұндай сәтте өз күшіңе сеніп кеткеннің де салдары бар. Дегенмен, еш жасымай, алдағы жарыстарға дайындаламыз", - деді спортшы.
Гран-при турнирінің финалында Елдос Жұмақанов моңғолиялық Ганболт Херленмен кездесіп, "алтын ұпайға" созылған жекпе-жекте жеңіліс тапты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылордада үздік тауар өндірушілер анықталды
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы