Қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше облыста жол жабылды
Жолды 2026 жылы 6 наурыз сағат 08:00-да ашу жоспарланған.
"ҚазАвтоЖол" төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 5 наурыз сағат 20:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
Абай облысы:
- «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналып өту жолымен — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы (Урлютобе өткізу пункті)» автожолының 756 — 1002 шақырым аралығы (Семей қаласы — Көкпекті);
- «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 778 — 1013 шақырым аралығы (Аягөз қаласы — ШҚО шекарасы).
Шығыс Қазақстан облысы:
- «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 1013 — 1062 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы — Рубеж бекеті).
Сонымен қатар 5 наурыз сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі:
Қарағанды облысы:
- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92 — 164 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау төлем қабылдау пункті).
Ақмола облысы:
- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30 — 92 шақырым аралығы (Жібек Жолы төлем қабылдау пункті — Қарағанды облысының шекарасы).
Жолды 2026 жылы 6 наурыз сағат 08:00-да ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.