26 Қаңтар 2026, 21:50
Фото: depositphotos.com
Қолайсыз ауа райы: Қызылорда облысында жол жабылды
ҚазАвтоЖол Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"ҚазАвтоЖол" Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 26 қаңтар сағат 22:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1644-1806 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жосалы ауданынан Қызылорда қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 27 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.