Кеше 2026, 21:14 Фото: istockphoto.com

Қолайсыз ауа райы: Қарағанды және Павлодар облысында жол жабылды

Жолды 2026 жылы 25 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

"ҚазАвтоЖол" екі облыста көлік қозғалысына көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы 24 наурыз сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі: 

Қарағанды облысы: 

- "Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті" автожолының 970 — 1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы — Павлодар облысының шекарасы); 

Павлодар облысы: 

- "Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті" автожолының 1135 — 1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті кенті). 

Жолды 2026 жылы 25 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.