Кеше 2026, 23:54
Фото: depositphotos.com
Қолайсыз ауа райы: Павлодар облысында жол жабылды
Жолды 2026 жылы 19 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
"ҚазАвтоЖол" Павлодар облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 18 наурыз сағат 23:15-те ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:
- «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 0 — 137 шақырым аралығы (Қалқаман ауылы — Баянауыл ауылы);
- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 0 — 152 шақырым аралығы (Павлодар қаласы — РФ шекарасы).
Жолды 2026 жылы 19 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.