12 Ақпан 2023 2023, 13:29
Фото: Almaty TV
Қолайсыз ауа райы: Елімізде екі жол учаскесі жабық
Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты екі жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты екі жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12 ақпан сағат 11:40 жағдай бойынша 2 облыста ауа-райының нашарлауына байланысты екі жол учаскесі жабық, - делінген Қазавтожолдың хабарламасында.
Көліктің барлық түрі үшін төмендегі жол учаскелерінде жол қозғалысы шектеулі:
- Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының Айша-бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығы;
- Түркістан облысында «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейінгі аралығы.