11 Наурыз 2026, 22:34
Фото: depositphotos.com
Қолайсыз ауа райы: Ақтөбе облысында жол жабылды
Жолды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
"ҚазАвтоЖол" Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 11 наурыз сағат 22:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "РФ шекарасы – Мартүк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 1153-1240 шақырым аралығы (Ырғыз ауылынан – Қызылорда облысының шекарасына дейін) учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі, – деп жазылған хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.