Қоларбадағы жандардың қамқоршысы
Астана тұрғыны Нұрлыбек Бердібаев 4 жылдан бері мүгедектердің қоларбаларын тегін жөндеумен айналысып келеді. Таңқаларлығы - 30 жасар жігіттің өзінің де мүмкіндігі шектеулі. BAQ.KZ тілшісі өзі секілді жандарға көмек қолын созып жүрген жігітпен жолығып, сұхбаттасып қайтты.
Нұрлыбек Бердібаев 2012 жылы Алматыда ауыр жарақат алып, бел омыртқасы зақымданған. Соның кесірінен жас жігіт мүгедектер арбасына таңылды. Кейін Астанаға емделуге келіп жүріп, мүгедектерді қолдаумен айналысатын «Дос» ұйымы жайлы білген. Кейін осы ұйымға жұмысқа шақырылып, міне, төрт жылдан астам уақыт болды, Нұрлыбек қоларбаларды жөндеумен айналысып келеді. Ол бүгінде осы істің нағыз шеберіне айналып үлгерген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық банк жаңа монеталарды айналымға шығарды
Өзгелердің жаңалығы