Қол жетімді спорт: Астанада скандинавиялық жүрістен фестиваль өтті

«Қолжетімді спорт» жобасы аясында елордалық саябақтың шаңғы-роллер трассасында скандинавиялық жүрістен фестиваль өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фестиваль «Еуразия» скандинавиялық жүріс мектебімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Жобаға қатысушылар мен ниет білдірушілер саябақтағы шаңғы-роллер трассасында бір шақырымдық символдық қашықтықты жүріп өтті.

«Еуразия» скандинавиялық жүріс мектебінің негізін қалаушы Максим Прощенко қатысушылар үшін шеберлік сабағын тегін өткізді.

Қазіргі уақытта скандинавиялық жүріс әлемнің 40-тан астам елінде танымал, оны 20 миллионнан астам адам жақсы көреді. Ол қолжетімділіктің арқасында осындай танымалдылыққа ие болды. Себебі кез келген адам жаттыға алады.Сондықтан «қолжетімді спорт» атауы оның мәнін дәл көрсетеді, - деді Максим Прощенко.

Фестиваль қатысушыларына арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шара соңында жобаны ұйымдастырушылар «қолжетімді спорт» жобасының серіктестері есебінен ұтыс ойынын өткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы