Қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары жаңа Конституцияда БҰҰ пактісімен сәйкес өзгертілді – Қарин

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституциядағы рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесіне қатысты өзгерістерді таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесі деген ұғым төңірегінде әртүрлі пікірлер, талқылаулар болатын. Комиссия мүшелері Қарлығаш Жаманқұлова, Әділ Балтабаев және тағы басқалар тарапынан осы жөнінде мәселе көтерілген еді, — деп бастады Мемлекеттік кеңесші.

Оның сөзіне қарағанда, талқылау нәтижесінде комиссия мүшелерінің ұсыныстары қабылданған.

Бұл ұғым Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық пактісімен сәйкес өзгертілді. Сондықтан жаңа мәтінде комиссия мүшелерінің жаңа ұсыныстары толық қамтылды деп айта аламыз, — деді Ерлан Қарин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы