Елордада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің II отырысы басталады.
Кезекті отырыс Тәуелсіздік сарайында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін болады.
Отырыс аясында Ұлттық кеңес, қоғам және азаматтық қоғам мүшелерінің ұсынысымен саяси, экономика, әлеуметтік-мәдениет саласын қайта жаңғырту бойынша өзекті мәселелер қаралады деп жоспарланып отыр, - делінген хабарламада.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы осы жылдың 6 қыркүйегінде өткен еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сабина Алтынбекова шетел асты
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы