7 Қазан 2024 2024, 00:24
Қоғамдық саясат институты: АЭС салуды референдумға қатысқандардың 72,3%-ы қолдады
6 қазан Республикалық референдум күні Қоғамдық саясат институты еліміздің барлық өңірінде Exit Poll өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
6 қазан Республикалық референдум күні Қоғамдық саясат институты еліміздің барлық өңірінде Exit Poll өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сауалнама барысында 600-ден астам интервьюерлер мен супервайзерлер жұмыс атқарды.
Экзитполға 44 160 азамат қатысты.
Сауалнама 300 дауыс беру учаскесін қамтыды.
Экзитпол нәтижесі бойынша, сауалнамаға қатысушылардың 72,3%-ы Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісемін деп жауап берді.
Қарама-қарсы пікір білдіргендер 27,7%-ды құрады.
Дауыс беру учаскелерінің шыға берісінде сауалнаманы арнайы Exit Poll жүргізу технологиясын меңгерген интервьюерлер жүргізді.