Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы қоғамдық талқыға шықты

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ІІМ қоғаммен серіктестікте Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының әзірленіп жатқан жобасын қоғамдық талқылауға шығарады. Бұл стратегиялық құжат «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес қоғамның нақты сұраныстарына бағдарлана отырып дайындалады. Оның дамуына қоғам, халықаралық және ұлттық сарапшылар, ғылыми қоғамдастық белсенді қатысады, - деп атап өтті Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек. 

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты: 

- азаматтардың өмірін, денсаулығын, мүлкі мен құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды күшейту; 

- қауіпсіз қоғам құру; 

- қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қолданыстағы тетігін ғылыми деректер мен әріптестікке негізделген қазіргі заманғы превенция жүйесіне трансформациялау үшін жағдай жасау; 

Тұжырымдама аясында мемлекеттік органдар мен әкімдіктерді жауапкершілікпен тарту, барлық мүдделі тараптармен және азаматтармен әріптестік орнату, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша есептіліктің ашық жүйесі жоспарланып жатыр. 

Бұдан басқа, онда бюрократиялықтан қоғам сұраныстарына бағдарланған полиция жұмысының адамға бағытталған моделіне көшу жөніндегі шаралар бекітілетін болады. Жобаға азаматтық қоғам институттарының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар және жай ғана бей-жай қарамайтын азаматтар өз ұсыныстарын жібере алады, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы