Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді
Астана, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған «Ашық есік күндері» кең ауқымды акциясы аяқталды.
11-21 ақпан аралығында жергілікті мемлекеттік органдардың, облыстық басқармалардың, құқық қорғау органдары мен коммуналдық қызметтердің басшылары мен мамандары 7154 сұрақпен 6359 адамды қабылдады. Азаматтарды қабылдау Ақтөбе қаласының төрт жерінде және облыстың әр ауданында өткізілді.
Негізінен азаматтарды тұрғын үй алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмысқа орналастыру және т.б. салаларға қатысты мәселелер қызықтырады.
Көптеген мәселе күн тәртібінен жедел түрде алынып тасталып жатыр. Сонымен, 1231 мәселе оң шешіліп, 4944 түсініктемелер мен кеңестер берілді, 979 өтініш - шешілу үстінде.
«55 адам тұрғын үй алуға кезекке қойылып, 27 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 27 адам біліктілік курстарына жіберілді, 39 бала тегін секциялар мен үйірмелерге жазылды, 15 оқушы тегін тамақпен қамтылып, 27 бала балабақшаға тегін орналасты, сондай-ақ, 289 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді», - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Аймақта аса мұқтаж отбасыларымен жұмыс істеу үшін 25 мобильді топ жұмыс істейді, олардың
құрамына депутаттар, қоғамдық белсенділер және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері кіреді.
Топ өкілдері өтініш берушілердің тұрмыс жағдайымен танысу және отбасына қандай нақты көмек беру
керектігін бағалау үшін әрбір мекенжайға барады.
Жалпы 147 отбасына көмек көрсетілді. Мысалы, «Актобестройэксперт» компаниясының директоры Жасталап Жанбауов Садуовтарға жайлы пәтер сыйлады. 47 жасар «Алтын алқа» иегері Салтанат Садуованың сегіз баласы бар, оның екеуінің мүгедектігі бар, жолдасы да 2 - топтағы мүгедек.
Алты баланың анасы Галина Новиковаға жер телімін алуға сертификат берілді,
ал жергілікті кәсіпкер үй салып беру міндетін алды.
30 отбасы көмірмен, 79 – киім-кешекпен қамтамасыз етіліп, 6 баланың жоғары оқу орнында оқу ақысы төленді, 5 адамның коммуналдық қызмет бойынша қарыздары төленді. Материалдық
көмектің жалпы сомасы 24,5 млн.теңгеден асты.
Нақты көмек алатындардың қатарында көп балалы аналар ғана емес.
Қаламқас Онғарбаева 2016 жылы гуманитарлық колледжді бітірген.
«Мен жұмысқа орналаса алмай жүрдім. Ал, азаматтарға қабылдау жүріп жатқанын естігенде,
жұмысқа орналасу мәселесімен өтініш білдіріп, түйіндемемді қалдырғанмын.
Мені №29 мектеп жұмысқа шақырды. Нәтижесінде, менің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
болып жұмыс істегім келген арманым орындалды», - деді қуанышты жаңалығымен бөліскен жас маман.