Қоғамдық көліктерге «дабыл түймесін» орнату ұсынылды
Алматылық полицейлер қоғамдық көліктерге «Дабыл түймесін» орнатуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Полиция департаментінің қызметкерлері автобус парктерінің өкілдерімен кездесуде бастама көтерді.
Оқыс жағдайда дабыл бірден «102» арнасына түседі. Сондай-ақ, көлік ұйымының диспетчерлік қызметіне де лезде хабар береді. Бұған қоса, қалалық Әкімшілік полиция басқармасының басшылығы автобустардағы бейне және дыбыс жазатын бақылау камераларын жаңартуды ұсынды.
Былтыр желтоқсанда жолаушы, жүргізушіні ұрып, автобус аялдамадағы адамдарды қаққан еді. Салдарынан 3 адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға түскен. «Дабыл түймесі» осындай келеңсіз жәйттің алдын алуға көмектеседі. Жүргізушілермен қосымша дәріс жасап олардың осындай құқық бұзушылық тасымалдау кезінде орын алған жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау керектігі туралы оларға негізгі нұсқама берілді. Осы іс-шара барысында саптық құрамдар көшеде қызмет атқарып жүрген кезде жүргізушілерге дер кезінде көмек керек болса қандай сұрақтарға жауап беру керек болса саптық құрам жағынан көмек көрсетіледі, - деді қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Болатбек Баятанов.