Автобуста қандай жағдайда тегін ауысып отыруға болмайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала маңындағы автобус маршруттарында қандай жағдайда тегін ауысып отыру қызметі алынып тасталуы мүмкін. Бұл туралы «Астана LRT» компаниясы Facebook парақшасына жазды.

«Бізге қала маңы бағдарларының жолаушыларынан тегін ауысып отыру туралы сұрақтар келеді. Өздеріңіз білетіндей, қала маңындағы бағдарлар қала ішінде де жүреді. Бұл ретте қала ішіндегі сапарлар қалалық бағдарлар сияқты тарифтеледі. Сондықтан қала маңы бағдарында қала ішінде қалалық бағдардағыдай валидация өтеді. Егерде сіз қала маңында валидация жасап, қала ішінде тағы да валидация жасайтын болсаңыз, сізден тегін ауысып отыру қызметі алынуы мүмкін», - делінген «Астана LRT» ЖШС-нің Facebook парақшасында. 

Компанияның берген мәліметіне сәйкес, автобус жүргізушілері жолаушылардан валидацияны қайта жасауды талап етпеуі тиіс.

«Біз кейбір жүргізушілер автобустан түсер алдында тағы да валидация жасауды талап ететінін білеміз. Қала маңына қатынайтын бағдарлардың барлық жүргізушісімен қосымша инструктаж жүргізілгенін хабарлаймыз. Автобус жүргізушілері жолаушылардан валидацияны қайта жасауды талап етпеуі керек. Егер сіз жүргізушінің осындай талабына тап болсаңыз, жүргізушінің мәліметтерін бізге хабарлауыңызды сұраймыз», - деп жазылған «Астана LRT» компаниясының хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы