Қоғамдық көліктерде «Наурыз думан» акциясы өтті

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қызылорда облыстық «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Наурыз думан» акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мекеме қызметкерлері, Қорқыт Ата атындағы педагогикалық дәстүрлі өнер институтының өнерпаздарымен бірге №11 автобустарға мініп, қала тұрғындарына қуаныш сыйлады.

Қызылорда облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің «Қоғамдық жаңғырту» бөлімінің қызметкерлерінің айтуынша бұл акцияның негізгі мақсаты халыққа жақсы көңіл-күй сыйлау. Береке мен бірлік, адамдардың бір-біріне деген құрметі мен ризалық сезімін арттыру болып табылады.

Өзіміз куә болғандай, қоғамдық көліктегі бүгінгі атмосфера мүлдем бөлек болды. Жолаушылардың мерекені сезінгендері жүздерінен аңғарылды. «Ел алғысын алсаң елеулі боларсың» деп аталарымыз ұрпағына үнемі осындай ізгілікті өсиет еткен. Бұл адамның адамға деген шынайы ниетін білдіреді. Осы ретте, ұйымдастырушылар мен жас өнерпаздарға жолаушылар алғыс айтып, «Ұлыс оң, ақ мол болсын! Өнерлерің өрге жүзсін!» деп ізгі тілектерін жаудырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы