Қоғамдық кеңес өкілдері тиімді жұмыс механизмдерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Самұрық –Қазына» қорының алаңында ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардың қоғамдық кеңестерінің өкілдері үшін «ҚР  қоғамдық кеңестердің қызметін ұйымдастыру және оларды мақсатты пайдалану» стратегиялық сессиясы өтті.

Іс-шараны, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Қоғамдық кеңестер институтын дамыту» жобасын іске асыру шеңберінде, «Eurasian Expert Council» ҚҚ ұйымдастырды.

Кездесуге ҚР АҚДМ азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ғалым Құрман, «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қоғамдық кеңестерінің мүшелері қатысты.

Жобаның маңызды компоненттерінің бірі - қоғамдық кеңестің арнайы kazkenes.kz интернет-порталын әзірлеу және жаңарту.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл сайтта қоғамдық кеңестің 500-ден астам мүшесінің жеке кабинеттері ашылды. Қазіргі уақытта порталды Ақмола, Қарағанды, Алматы, Павлодар облыстары мен Шымкент, Қарағанды, Тараз қалаларының қоғамдық кеңесінің мүшелері белсенді пайдаланады,-  деді АБҚО Басқарма төрағасының м.а. Ғалым Құрман.

Кездесу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері БҰҰДБ мен TRASCO халықаралық тәжірибесі мен әдіснамасына негізделген тиімді жұмыс тәсілдерімен танысты. Дәріскерлер қатысушыларға жұмыстың критерийлері, құралдары, қоғамдық кеңестер жұмысының нормативтік-құқықтық және практикалық негіздері туралы да айтты.

Шара соңында стратегиялық сессияның барлық тыңдаушыларына  арнайы сертификаттар табысталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы