Қобдада 69 үйдің қазығы қағылды

Ақтөбе облысында су тасқыны салдарынан шамамен 2 451 үй зардап шекті, оның ішінде жеке тұрғын-үй құрылыстары – 1 112, саяжай үйлері – 1 339, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Республикалық ақпараттық штаб брифингінде Ақтөбе облысының әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбағда Көбеева облыста 595 үй салу жоспарланып отырғанын айтты.

Қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жаңадан салынатын құрылыстың жер учаскелері мен мердігерлік ұйымдар анықталды. Өткен аптада өңір басшысы Асхат Шахаров Ойыл және Қобда ауданында жұмыс сапарымен болды. Қобдада 69 үйдің қазығы қағылды, - деді ол.

Көбеева ауданда 150-ге жуық үй бой көтеретінін айтты.

Қажетті құрылыс материалдары мен техникалары тасымалданды, енді құрылысшылар жұмыстарына кіріседі. Ал Ойыл ауданы бойынша 200-ден аса үй салынады. Баспана тұрғызу қажет деп танылған аудандарда да жалғасады, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы