ҚМА іздеуде жүрген қазақстандыққа сыйақы жариялады
Қаржылық мониторинг агенттігі іздеу жариялайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Омаров Руслан Уланұлы, 28.07.1986 ж.т., Ақтөбе облысы, Алға қаласының тумасы. Аталған азамат жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауар жөнелтпей, жалған шот-фактуралар жазып бергені үшін күдікке ілінген. 2011 жылдан 2013 жылға дейін Омаров Р.У. «Sunkar Logistics» ЖШС директоры ретінде әрекет етіп, контрагенттерге 4 млрд теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берген, - делінген ҚМА таратқан хабарламада.
Мемлекеттік кірістер органдарының қорытындысы бойынша, төленбеген салық түріндегі мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асады.
Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:
+7-701-770-08-65 - іздеу бойынша,
+7-7292-40-36-59 - кезекші бөлім.
Сыйақы мен анонимділікке кепіл беріледі.