ҚХА қоғам бірлігін сақтауда маңызды жұмыс атқарып келеді – Мемлекет басшысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының қазіргі жұмыстары, ұйымның XXVII сессиясында берілген тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ еліміздегі этносаралық қатынас саласындағы жағдайлар жөнінде баяндалды.Қазақстан Президенті Ассамблеяның жүргізіп жатқан жұмыстары үшін Ж.Түймебаевқа ризашылық білдірді.
– Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді жұмысы, соның ішінде президент сайлауы барысындағы еңбегі үшін, ризашылық білдіремін. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамымыздың бірлігін сақтау үшін маңызды жұмыс атқарып келеді, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Ж.Түймебаев Мемлекет басшысына Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарының әзірлену барысы туралы мәлімдеді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түрмедегілерге есірткі лақтырамын деп, қамаққа алынды
Өзгелердің жаңалығы