QirSabyn телеграм-арнасы арқылы ақша бопсалаумен айналысқан адамдар ұсталды

Астана және Қарағанды қалаларында QirSabyn телеграм-арнасы арқылы ақша бопсалаумен айналысқан адамдар тобы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

18 желтоқсанда Бас прокуратураның үйлестіруімен ҰҚК және ІІМ ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен және ҚМА-нің мамандандырылған бөлімшесімен бірлесіп, Астана және Қарағанды қалаларында QirSabyn телеграм-арнасы арқылы шындыққа жанаспайтын ақпаратты жариялау қауіпімен ақшалай қаражатты бопсалаумен айналысқан адамдар тобы ұсталды.

Шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп, техникалық құралдар, ірі көлемдегі ақша сомасы және өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Телеграм-арнасының әкімшілері соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда.

Тергеу аясындағы өзге ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив
Өзгелердің жаңалығы