Қырғызстанда көмір кен орнында үлкен көшкін жүріп өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның Нарын облысында Кара-Кече көмір кен орнында ені 9 шақырымға жететін жойқын көшкін болды.

Бұл туралы мемлекеттің Көлік және жол министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып zakon.kz хабарлады.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, алапат көшкін Дыйкан – Кара-Кече автожолының 37-шақырымында болды. Алдын ала мәлімет бойынша көшкеннің массасы 900 мың текше метрді құраған. Көшкін Кара-Кече өзенінің арнасын жауып тастаған. Сондай-ақ электр желілеріне зақым келтіріп, сол учаскедегі жолды бұғаттап тастады.

Азаматтық қорғаныс бойынша комиссия шешімімен Джумгал ауданының трассасы уақытша жабылды.

Қазір табиғи апаттың салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы