ҚХП партиядан шығып, жағымсыз пікір айтқан депутаттар туралы пікір білдірді

Қазақстан Халық партиясының төрағасының орынбасары Серікқали Мұқашев жағымсыз пікір айтып партиядан шығып кеткен депутаттар туралы айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін партияның мүшесі болған бірнеше депутат партияға жағымсыз пікір айтып шығып кетті. Мұны қалай қабылдадыңыздар? Партияға қалай әсер етті?, – деп сұрады журналист.

Оның түсіндіруше, бұл депуттатардың өз шешімдері.

Ашығын айтсам, оларға депутат болып тұрған кезде партия керек болды өйткені партияның көмегі қажет болды. Қазіргі таңда Парламент тарап кетті. Олар әрі қарай бара алмайтынын білгендіктен партия қажет болмай қалды. Бар мәселе осы ғана, - деді ол.

Сөзінше, партия ішінде ешқандай келіспеушілік болмаған.

Ол азаматтар партияның бұрынғы құрмында қалған адамдар болатын. Депутат болып сайланған кезде партия құрамында болды, енді жаңадан депутаттар құрамы қалыптасып жатқан кезде олар тізімде болмады. Соған білдірген жеке өкпелері мен пікірлері болар, – деп түсіндірді Серікқали Мұқашев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы