ҚХЛ: «Барыс» кезекті матчы кейінге қалдырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) «Барыстың» «Витязь» командасымен кезекті ойыны өтпейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Матчтың тоқтатылуына «Витязь» командасының 4 спортшысынан ПТР тест нәтижесі бойынша коронавирус анықталуы себеп болған. Вирустың таралуын болдырмас үшін 13 қаңтарға белгіленген ойын өтпейтін болды. Қашан өтетіні кейін хабарланады. 

Айта кетсек, елордалықтар 48 ұпаймен Шығыс конференциясында бұрынғысынша сегізінші орында келеді. 

«Витязь» 43 ұпаймен Батыс тобында 10-сатыда тұр. Аталмыш клуб қатарынан төрт ойында жеңіліс тапты. Соңғы бәсекеде «Северстальға» овертаймда 2:3 есебімен есе жіберді. Юрий Михайлистің шәкірттері жаңа жылда үш рет қатарынан жеңіске қол жеткізді. 

Соның ішінде көш бастаушы командалардың бірі – «Металлург» (Магнитогорск) клубын екі мәрте ұтты. Елорда уақытымен сағат 22.30-да басталатын «Витязь» - «Барыс» матчын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде қарауға болады.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы