ҚХА мен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл меморандумға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл туралы АҚДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Меморандумға ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов пен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова қол қойды.

Меморандум ҚХА қоғамдық құрылымдары мен медиаторларын құқық қорғау қызметіне тартуды, этномедиацияны дамытуды, қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуді, жастармен жұмыс жасауды, шиеленістердің алдын алу мен шиеленістен кейінгі реттеу жұмыстарын, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алуды көздейді.

Айта кетейік, Меморандум ҚР Президентінің 2022 жылғы 29 сәуірде ҚХА ХХХI сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру аясында жасалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы