ҚБТУ ғимаратындағы өрт: ЖОО ресми мәлімдеме жасады
Алматыда 12 қаңтарға қараған түні ЖОО ғимаратында болған өртке байланысты Қазақстан-Британ техникалық университетінің әкімшілігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚБТУ бұл ретте өзіндік тексеріс жүргізіп жатқанын нақтылады:
Қазіргі уақытта құзыретті органдармен бірлесіп, оқиғаның себептерін тексеру жүргізілуде. Қазақстан-Британ техникалық университеті студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды, - деді.
Оқу сабақтарының форматы мен кестесіне қатысты ақпарат жақын арада студенттерге жіберілетіні де айтылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы