ҚБК мүшелері Маңғыстау тергеу изоляторында болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері Р.Абкадыров пен А.Муха Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/10 (тергеу изоляторы) мекемесіне келді. Олар сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Мекеме бастығы Е.Ағлепесұлы атап өткендей, қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандар болған жоқ және азаптау фактілері орын алмады. Арнайы контингентті ұстау үшін мекемеде барлық қажетті жағдай жасалған.

Комиссия төрағасының міндетін атқарушы Ролан Абкадыровтың айтуынша, сотталғандардың шағымдары мен арыздары болған жоқ, қажет болған жағдайда дер кезінде медициналық көмек көрсетіледі, мекемедегі жағдай тұрақты. 

Біз сотталғандарды мекеме қызметкерлерінің қатысуынсыз жеке қабылдадық. Әрқайсысымен әңгімелестік, сұхбаттастық. Сотталғандар коммуналдық-тұрмыстық жағдайлар, ұстау режимі туралы айтып берді. Олардың тарапынан ешқандай шағымдар болмады, – дейді Р.Абкадыров. 

Айта кету керек, Қоғамдық бақылау комиссиясы тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық-санитариялық қамтамасыз ету жағдайлары бөлігінде олардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда жәрдем көрсету мақсатында қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы