Қазығұртта ерікті жастар су басқан ауылдарға көмектесіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 сәуір күнгі жауын салдарынан Қазығұрт ауданында су басқан елді мекендердің тұрғындарына өңірдің ерікті жастар тобы жәрдемдесіп жатыр.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

 Атап айтсақ, Сарапхана, Шанақ, Қарабау, Қақпақ, Қызылқия, С.Рақымов ауылдарындағы қора-жайларды жауын суынан, лай-батпақтардан тазарту жұмыстарын жергілікті тұрғындармен тізе қосып атқаруда.

Аталған ауылдардағы су басқан 41 үйдің ауласын тазарту жұмыстарына әкімшілік қызметкерлері де көмек қолын созуда. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар қызметкерлері жауын суын арнайы техника көмегімен шығаруда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы