«Қазығұрт» және «Атамекен» көлік өткізу пунктерінен тек жүк көліктері өтеді
Қазақ-өзбек шекарасындағы «Атамекен», «Қазығұрт» өткізу пункттері арқылы тек жүк автокөлік құралдары өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылдың 15 ақпанынан бастап жеке тұлғаларды, жеңіл көліктерді, автобустар мен 3,5 тоннаға дейін жүк көтеретін автокөлік құралдарының өткізілуіне уақытша тыйым салынды. Қазіргі уақытта 9 автомобильдік өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Осы өткізу пункттері арқылы өткен жеке тұлғалар, жеңіл көліктер, автобустар мен 3,5 тоннаға дейін жүк көтеретін автокөлік құралдары төмендегі өткізу пункттеріне жолданады:
- «Б. Қонысбаев»– «Яллама» өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл автокөліктер, автобустар және 3,5 тоннаға дейін жүк көтеретін автокөлік құралдары);
- «Жібек жолы»– «Гишт куприк» өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл автокөліктер, автобустар);
- «Сырдария»– «Малик» және «Целинный»– «Ок олтин» өткізу пункттері арқылы (жеңіл автокөлік құралдары, жеке тұлғалар).
Сондықтан, «Атамекен», «Қазығұрт» өткізу пункттерінде жаңғырту аяқталғанға дейін тек жүк автокөліктері өткізіледі.
Жаңғырту жұмыстары жобамен 2024 жылдың 4 тоқсанында аяқталады.