QazVolunteer бірыңғай платформасына 45 мыңнан астам волонтер тіркелді – Ким
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы жариялаған Волонтер жылы бүкіл республика бойынша волонтерлардың ауқымды қозғалысының дамуына зор серпін берді.
Барлық волонтер мен ерікті ұйым бір командаға бірігіп, көмекке мұқтаж адамдарға үлкен қолдау көрсетті. Бұл туралы бүгін еріктілер жылының ресми жабылуы барысында Ұлттық волонтерлар желісінің төрағасы Вера Ким мәлімдеді.
Оның айтуынша, Ұлттық волонтерлар желісі еріктілердің республикалық фронт-кеңсесін басқару және волонтерліктің түрлі бағыттары бойынша 17 өңірлік офистің қызметін үйлестіру құрметіне ие болды. Әрбір ниет білдіруші QazVolunteer бірыңғай платформасында тіркелу мүмкіндігіне ие болды. Оған әр түрлі жастағы 45 мыңнан астам еріктілер және 3000 ұйым енді.
Коронавирус пандемиясымен күреске барлық өңірден 123 мыңнан астам волонтер тартылды. 1 миллионнан астам адамға көмек көрсетілді. ТЖ жағдайында еріктілер көпбалалы отбасыларға, медициналық және әлеуметтік мекемелерге азық-түлік жиынтықтарымен және бірінші қажеттіліктегі құралдармен қамтамасыз етуге көмектесті, - деп бөлісті Вера Ким.
Ұлттық волонтерлар желісінің төрағасы волонтерлік қызметті қолдау стандарттарын әзірлеуді және енгізуді ұсынды.
Бұл ерікті ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың өзара іс-қимылының, оның ішінде ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық, әдіснамалық және қаржылық қолдаудың сапалы жаңа моделін құруға мүмкіндік береді, - деді Вера Ким.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ресей еріктілерінің кеңесі қазақстандықтарды құттықтады
Өзгелердің жаңалығы