QazVac вакцинасын 5,5 миллионнан астам адам салдырды
Бұл туралы Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі" халықаралық форумда белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Форумға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, "ҚР Перзиденті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы" КЕАҚ басқарма президенті" Күнсұлу Закария қатысты. Алтай Көлгінов QazBioPharm "Ұлттық холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Бердібек Сапарбаевтың еңбегі ерекше екенін жеткізді.
Бұл кездесуді өткізу идеясы Холдингтің Директорлар кеңесінің төрағасы, көрнекті мемлекет қайраткері Сапарбаев Бердібек Машбекұлына тікелей тиесілі екенін атап өткен жөн,- деді Алтай Көлгінов.
Сондай-ақ, пандемия кезінде атқарылған біршама мәселелерге тоқталды.
Ковидпен күресте бірінші төтенше жағдай жарияланды. Мемлекеттік шекарада эпидахуалды ескере отырып шектеу қойылды. Екінші, бүкіл әлем бойынша рейстердің ауқымды қысқарғанына қарамастан шетеледен келген азаматтарды қабылдады. Үшінші, денсаулық сақтау жүйесі ковидті ерте анықтауға және азаматтарға көмектесуге бағытталды. Төртінші, стационарлық койкалар жедел түрде қайта жасақталды. 15 модульді аурухана салынды. Мобилді колл орталықтары құрылды. Бесінші, жеке қорғаныш құралдарының, дәрілік заттардың қоры құрылды. Олардың өндірісі елімізде жасалып шықты. Алтыншы, Мемлекет басшысының тапсырмасымен медицина қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Азаматтарға әлеуметтік қолдау мәселелеріне көңіл бөлінді. Біздің жеңісіміз - ержүрек дәрігерлер мен микробиолог ғалымдардың бірігуі ғана емес, мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысының, бизнес-қоғамдастық пен азаматтарымыздың қолдауының нәтижесі, - деді Алтай Көлгінов.
Пандемия кезінде коммуналдық қызметтерде барлық тариф төмендетілгенін де тілге тиек етті.
1 млн 600 мың қазақстандық коммуналдық қызметтерге төлем жасауға қаражат алды. 4 млн адамға шектеу шаралары кезінде қолдау түрінде қаржылай көмек берілді. Қосымша 2 млн 400 мың адам әлеуметтік көмек көрсетілді. Осындай шараларға 500 млрд жұмсалды. Бүкіл өңірлерде азық-түлік қоры қалыптасты. Оқушылар мен студенттер үшін қашықтықтан оқу ұйымдастырылды, - деді Алтай Көлгінов.
Ал, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2020-2023 жылдары елімізде ғылыми зерттеулерді орындауға 30-ға жуық конкурс өткізілгенін атап өтті.
Конкурс нәтижесінде гранттық қаржыландыру шеңберінде 1507 жоба және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 103 ғылыми-техникалық бағдарлама іске асырылып жатыр. Олардың ішінде 6 ғылыми-техникалық бағдарлама және 49 гранттық жоба "QazBioPharm" Ұлттық холдингі" АҚ еншілес ұйымдарының ғалымдарының қатысуымен жүзеге асырылды. Ғылыми жобаларды іске асыру нәтижелері бойынша өзекті инфекциялардың қоздырғыштарын, дәрілік заттар мен профилактикалық препараттарды, оның ішінде короновирустық инфекцияға қарсы вакциналарды анықтау үшін арнайы диагностикумдар әзірленді. Олардың ішінде Холдинг ғалымдары рекордтық қысқа мерзімде (47 күн) әзірлеген QazVac коронавирусына қарсы алғашқы Қазақстандық вакцинаны атап өтуге болады. Клиникалық сынақтардың нәтижелері бойынша вакцинаның қауіпсіздігі мен жоғары иммуногенділігі дәлелденді. Клиникалық зерттеулердің нәтижелері The Lancet тобына кіретін eclinicalmedicine рейтингтік журналында 2 мақалада жарияланған. Әзірлеушілер атап өткендей, QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылдың тамызында қолдану үшін ұсынған, - деді Саясат Нұрбек.
Айта кетейік, QazVac вакцинасының клиникалық сынақтарын Қазақстанда 2020 жылы 18 бен 85 жас аралығындағы 3000 ерікті қабылдады. Зерттеу нәтижесінде , вакцина COVID-19 вирусының алдын алуда 90%-дан астам тиімді екенін көрсетті. QazVac вакцинасын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдап, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылдың тамызында қолдануға ұсынды.