QazVac вакцинасын клиникалық зерттеу 9 шілдеде аяқталды – Күнсұлу Закария

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Отандық QazVac вакцинасын клиникалық зерттеу 9 шілдеде аяқталды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен сараптамалық баспасөз конференциясында QazVac коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина жасаушы, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария айтты.

Айтуынша, үшінші кезең бойынша барлық клиникалық зерттеу 9 шілдеде аяқталған.

Үшінші кезең бойынша барлық клиникалық зерттеу аяқталды. Шілде айының соңына дейін деректерді өңдеу, статистикалық талдау жүргізілді. Оған 3 мың адам қатысты. Үшінші кезең және бүкіл клиникалық зерттеулер бойынша қорытынды есеп шілде айының соңында дайындалды. Есеп Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына берілді, - деді Күнсұлу Закария.

Оның сөзінше, қазіргі таңда ол сараптамада, әзірлеушілер қорытындысын алмаған. Сонымен қатар қазақстандық вакцинаның клиникалық зерттеулері сәтті өтті. Қазір институт нәтижелерді жариялау үшін жоғары рейтингі бар журналға мақала дайындап жатыр.

Мұндай мақалалар тез жарияланбайды. Біз сараптама қорытындысы туралы шешімді алғаннан кейін зерттеу нәтижелерін журналға жібереміз. Біздің мақала алты ай қаралды. Жоғары рейтинг журналы өз атымен жұмыс істейді, сондықтан олар алған деректерді толығымен растауы керек. Бұл коронавирус тақырыбы болғандықтан, келесі мақаламыз алты ай ішінде жарияланады деп күтіп отырмыз, - деп түсіндірді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы