ҚазҰУ-да 9 химиялық зертхана ашылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заманауи «Farabi Chem Science» кластері ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Құрамына 9 ғылыми зертхана кіретін кластер химия және химиялық технологиялар факультетінде орналасқан.

Зертханалардың мақсаты – қоршаған ортаны ластаушы заттарды анықтап, талдау, химиялық ток көздеріне арналған жаңа материалдарды әзірлеу, мұнай химиясы саласында тереңдетілген зерттеулер жүргізу, отандық медициналық-биологиялық құралдар мен бактерияға қарсы қорғаныш жабындарын алудың оңтайлы әдістерін әзірлеу, - делінген ведомство хабарламасында.

Ашылу салтанатына Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Гарвард университетінің профессоры, зерттеуші-ғалым Марк Эллиот, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев, ғалымдар, жас зерттеушілер, оқу ордасының оқытушылары қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Өзгелердің жаңалығы