«ҚазТрансГаз Аймаққа» 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚазТрансГаз Аймаққа» 5 340 143 теңге айыппұл салынды.
Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 166-бабының екінші бөлігі бойынша инвестициялық бағдарламаны іске асыруға қолданылмаған соманың он пайызы көлемінде сомасы 5 340 143 теңгені құрайтын айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тауарлық газды іске асыру саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі бола тұра шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға міндетті.
Алайда, қолданыстағы заңнама талаптарын бұзуда Қоғам 2021 жылға тауарлық газды көтерме іске асыру қызметі бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шаралары орындамаған.