«ҚазТрансГаз Аймақ»: Түрікстан өңірінде жылыту маусымына газ тарату пунктерінің 70% дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басшылығы өңірлердегі газ шаруашылықтарының алдағы жылыту маусымына дайындығын өз бақылауында ұстап отыр. 

Бұл бағыттағы жұмыс қызу жүріп жатыр. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалының қызметкерлері қазірдің өзінде ақауы бар 1000 метрден астам жерүсті газ құбырын жөндеп, 280 кронштейн, 500 электр қорғаныс құралын, газдан ажырату құрылғыларын техникалық тексеруден өткізді. Жоспарлы жөндеу жұмыстарынан кейін бүгінде 149 газ тарату пункті мен 24 220 шкафтық пункті алдағы жылыту маусымында тоқтаусыз жұмыс істеуге дайын. 

Филиал қызметкерлері жоспарлы жөндеу жұмыстарымен қатар тұтынушыларға газ және газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті сақтау қажеттігін ескертетін шараларды да тоқтаусыз жүргізіп келеді. 

Газ тұтынушы әр отбасымен байланыс орнатуға тырысамыз, біздің қызметкерлер табиғи газды қалай пайдалану керектігін, қауыпсіздік ережелерін қалай сақтау керек екенін егжей-тегжейлі түсіндіріп, көрсетеді. Бірінші кезекте газ дабылдатқыштарын орнатуға кеңес береміз. Алдағы жылыту маусымы туралы айтсақ, жоспарлы шаралар жылдам әрі сапалы жүріп жатыр. Өңірдегі газ шаруашылығының газ тарату пунктері мен шкафты газ тарату пунктері 70 пайызға дайын, - деді "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Түркістан өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Ержан Балабеков.

Сонымен қатар газ тұтынушылары  үшін қауыпсіздікті сақтауға қатысты оқыту шаралары өткізіледі. Мыңдаған адамға жадынамалар, үнпарақтар мен ескертпе кітапшалары таратылды. Тұтынушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беру үшін әлеуметтік желілер арқылы байланыс жолға қойылған. Сондай-ақ жергілікті БАҚ арқылы өтетін тікелей эфир кездерінде тұрғындар газға қатысты түрлі проблемалық сұрақтарды қояды, филиал басшылығы бірден жауап беру арқылы мәселелерді жылдам шешуді жолға қойды. 

Біздің міндетіміз – қандай жұмыс жүргізіп жатқанымыз туралы шынайы ақпаратты дер кезінде жеткізу. Дәл қазіргі сәттегі басты жұмысымыз – өңірдегі газ шаруашылығын алдағы жылыту маусымына лайықты дайындау үшін мамандарымызды ортақ іске жұмылдыру. Бұл міндет толық орындалып келеді, - деді Ержан Балабеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы