"QazTrade": Экспорттаушылар үшін "бір терезе" құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі экспорт саясатын күшейту үшін "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы базасында экспорттаушылар үшін "бір терезе" құрылды. Бұл туралы сауда министрі Бақыт Сұлтанов бүгінгі баспасөз брифингінде айтып берді.

  

Экспорт саясатын күшейту, сондай-ақ даму құралдарын бір институтта шоғырландыру және экспортты ілгерілету үшін "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы базасында экспорттаушылар үшін "бір терезе" құрылды. Экспорттаушылар үшін ақпараттық материалдарды қамтитын жаңа форматтағы export.gov.kz электрондық порталы іске қосылды, - деп хабарлады министр. 


Сонымен қатыр, министрлік мемлекеттік қолдаудың жаңа шарасы – экспорттаушының акселерация тетігін, яғни қазақстандық экспортты өсіру немесе құруды енгізу бойынша жұмысты бастады. Бұл орайда Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамытуда шағын және орта бизнеске екпін жасалмақ.
Экспорт акселерациясын енгізу және қабылдау нәтижесінде 2025 жылға  қарай елімізде жаңа нарықтарда өздерінің өнімдерін сенімді экспорттайтын азық-түлік және жеңіл өнеркәсібінің 78 жаңа кәсіпорындары пайда болады деп жоспарланып отыр. 
 

Мемлекет экспортқа шығатын кәсіпорындарға барынша қолдау көрсетеді. Экспорттаушыларға өңделген тауарлар шығысының бөлігі өтеледі. Мемлекет сондай-ақ шетел нарықтарында тауар белгісін тіркеумен және техникалық регламенттерге сәйкестігі рәсімдерінен өтуге байланысты рәсімдерді өткізу шығыстарының бөлігін өтейді. Мемлекеттік қолдаудың бұл құралы өндірушілердің арасында қатты сұранысқа ие – ағымдағы жылы 350 компания өтінім берді, - деді спикер. 


Ол жылдың соңына дейін 150 компания мемлекеттен нақты қолдау алатынын жеткізді. Яғни, өңделген өнімді экспорттаушы 400 белсенді компаниялардың төртен үш бөлігі қолдаумен қамтылған.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы