«Қазселденқорғау» Алматы өңіріндегі мореналық көлдерге мониторингті күшейтті
ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ авариялық-механикаландырылған бригадасы Ақсай өзені алабындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Жұмыс барысында бүлінген жол учаскелері қалпына келтіріліп, өзен жағалауы бекітілді және гидротехникалық құрылыстарға қауіпсіз қатынау қамтамасыз етілді.
ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ Алматы өңіріндегі тау өзендері мен мореналық көлдерге мониторингті күшейтті.
2026 жылғы 2 шілдеде ТЖМ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандары Алматы қаласы ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп Ақсай, Қарғалы, Кіші Алматы және Үлкен Алматы өзендері алаптарындағы мореналық көлдерге әуеден визуалды бақылау жүргізді.
Әуеден жүргізілген тексеру нәтижесінде барлық мореналық көлдердің мұздан толық арылғаны және маусымдық толу кезеңіне өткені анықталды. Табиғи су ағымы қалыпты жағдайда сақталған. Сел қаупі бар көлдердегі су деңгейі шекті көрсеткіштерден едәуір төмен. Сел белсенділігінің белгілері тіркелген жоқ. Гидрологиялық жағдай тұрақты.
Сонымен қатар ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ авариялық-механикаландырылған бригадасы Ақсай өзені алабындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Жұмыс барысында бүлінген жол учаскелері қалпына келтіріліп, өзен жағалауы бекітілді және гидротехникалық құрылыстарға қауіпсіз қатынау қамтамасыз етілді.
Гидрологиялық жағдайды бақылауды күшейту мақсатында Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тау өзендерінде қосымша жылжымалы бақылау бекеттері орналастырылды. Мореналық көлдердің, мұздықтардың және өзен арналарының жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.