ҚТЖ 300 жаңа жолаушылар вагонын сатып алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев билеттердің маусымдық жетіспеушілігіне ықпал ететін факторлар туралы айтып берді.
«2-3 жыл бойына тағы шамамен 300 жаңа вагон сатып алу жөнінде шешім қабылданды. Үкіметпен параллелді түрде жыл сайын 100-150 жаңа вагон сатып алуға бюджет қаржысынан қарыз алу жөніндегі мәселе пысықталуда. Айтарлықтай ұзақмерзімді перспективада біз жолаушылар вагондарын көмірмен жылытуды болдырмайтын орталықтандырылған жылуменқамту және электро жүйесімен жетілдірілген техникалық сипаттамалары бар вагондарға бағыт аламыз. Сондай вагондарды Тұлпар-Тальго зауытында өндіру жолға қойылады, бірақ тиісті дайындық керек», - деп атап көрсетті Мыңбаев.
Сондай-ақ ҚТЖ басшысы стандартты вагоннан сыйымдылығы аз болып келетін Тальго вагоны келісім-шарттағы техникалық сервистік қызмет көрсетуде валюталық құрамдас бөлігі 65% жетеді. Осыдан Тальгоға билеттер құны жоғары болып келеді. Сонымен қатар әлеуметтік және коммерциялық бағыттарды дифференциялау мәселелері де бар.
«Біз «Патентес Тальгомен» ұзақ уақыт келіссөз жүргіздік және де бұған дейін ақшасы төленіп қойылған 62 жолаушы вагондарын жинастыруды аяқтаймыз және осы жобаны жалғастырмаймыз», - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы.
Ол сонымен қатар Компаниямен жатын керек-жарақтары сапасының стандарттарын және техникалық талаптарын түбірімен қайта қаралғаның қоса кетті. Қазіргі кезде тендерлік процедуралар өткізілуде.
«Мен қарашадан бастап жұмсақ керек-жарақпен немесе жатын жабындыларымен қамтамасыз ету біздің жолаушыларды жылы қуантарынан өте үміттімін», - деп ағынан жарылды Мыңбаев.