Қазпоштаның қызметкері пара алғаны үшін сотталды
Павлодар сотында пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
5 шілдеде Павлодар қаласының №2 соты "Қазпочта" АҚ облыстық филиалы директорының өндіріс жөніндегі орынбасарына қатысты аса ірі көлемде ақша түрінде пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, - деп жазылған сот хабарламасында.
Сотта анықталғандай, биылғы жылдың қаңтар айында сотталушы оған "Қазпошта" автомобиль-көлік басқармасының аумағындағы автомобиль боксының шатырын жөндеу бойынша жұмысты қабылдап алғаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы беруді ұсынған.
Артынша ол екі миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды. Сотталушы өз кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады.
Прокурор оны 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды ұсынды. Қорғаушы жеңілдететін мән-жайларды ескеруді сұрады.
Жазаны ауырлататын мән-жайдың жоқтығы және жеңілдететін жағдайларды, кәмелетке толмаған балалары бар екенін, 3-ші топтағы мүгедектігін, алғаш рет қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын ескере отырып, сотталушыны орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.