Қазпошта жаңа жобаларын таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Қазпошта» АҚ «Астана» хаб бөлімшесінде сервистік модель бойынша жүзеге асырылатын жобаларын таныстырды. 

Сонымен қатар франшиза бойынша жұмыс істеудің тиімді жақтары туралы «Инфо-Медиа», «Arta Software», «Kazakhtelecom Industrial Enterprises Services» және басқа да компания басшылары қатысып, әңгімеледі. 

«Бүгінгі таңда Қазпоштаның 3,5 бөлімшесінде 23 мың қызметкер жұмыс жасайды. Бізде ескірген инфрақұрылымдар, ескірген ғимараттар мен желілер, бөлімшелер мен қызметкерлерге жұмсалатын шығындар секілді біраз қиындықтар болды. Бізді ХҚКО салыстырып қарайтын болсақ, бізде қабылдау терезелеріміз төрт есе аз, ал клиенттер саны жағынан шамаласпыз. Сондықтан зейнетақы беру, коммуналдық төлемдер төлеу кезінде үнемі кезекте тұруға тура келетін. Осы мәселені шеші үшін біз франчайзингтік желіні іске қосу туралы шешім қабылдадық», - дейді Қазпошта АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов. 

Қазір Қазпоштамен 150 франчайзи-кәсіпкер жұмыс жасайды. Және 224 жаңа сауда жүйесін ашқан. Енді сәлемдемелерді алу мен жөнелту үшін, коммуналдық төлемдер мен салық төлеу, теміржол билеттерін сатып алу үшін поштаға барудың қажеті жоқ. Бұл қызметтерді кісіпкерлер жанармай құю бекеттерінде, автосалондарда, түрлі бизнес орталықтарда көрсете алады. 

Қазпоштаның филиалдар желісінің жұмысын тиімдірек етуге мүмкіндік беретін тағы бір маңызды жоба – сервмстік модель бойынша қызмет көрсету үлгісі. 

«Бүгінде деректерді өңдеу қызметтері,жабдықтарды жалға алу, банкоматтар, баспа қызметтері және ІТ қолдау жүйелері, байланыс орталықтарының қызметтері және дрондармен поштаны жеткізу қызметтері сервистік модель бойынша жергілікті компаниялар арқылы жүзеге асырылады. Олар өз қызметтері үшін уақытылы ақы алады, ал біз қаршы үнемдейміз», дейді «Қазпошта» АҚ ІТ-инфрақұрылымының атқарушы директоры Бахтияр Мұхаметқалиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы