Қазнетте арнайы әлеуметтік төлем жайлы фейк ақпарат тарауда
Еңбек министрлігі БАҚ-та, мессенджерлер мен әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпараттың жалған екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Онда зиянды жағдайларда жұмыс істеген азаматтар үшін алдағы уақытта 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлемдер тағайындалатындығы айтылады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы әлеуметтік төлем тағайындауда зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндердің еңбек өтілімінің мерзіміне қатысты ақпарат шындыққа жанаспайтынын ескертеді.
Қазіргі таңда арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылатын шарттардың бірі ретінде жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 7 жылдан кем емес міндетті кәсіби төлемдердің болуы қарастырылуда. Бүгінгі күні мүдделі мемлекеттік органдармен, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерімен бірлесіп, осыған қатысты тәсілдердің қарастырылып жатқанын хабарлаймыз". ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Айта кетсек, Тамара Дүйсенова кеншілерге төленетін арнайы төлемнің көлемі қандай болатынын айтқан болатын.