«ҚазМұнайГаздың» экс-басқарушы директорына іздеу жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Сердіге іздеу жарияланды.
Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.
Қаржы мониторингі агенттігі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры, 31.01.1976 жылы туылған Серді Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жариялады. Азамат Ибулла Серді адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді, - делінген хабарламада.
Іздеудегі адамның тұрған жері туралы сенімді ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы берілетіні айтылған, анонимділікке кепілдік берілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада 1 маусым күні 107 бала дүниеге келді
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы