ҚазМұнайГаз неліктен IPO өткізеді? Мырзағалиевтің жауабы

Бұл туралы ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының басшысы Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Өздеріңіз білетіндей, 7 қарашада «Самұрық-Қазына» мен «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы алғаш рет жария түрде жәй акцияларын сатуға ұсынып, IPO-ға шығатынын мәлімдеді.  «ҚазМұнайГаздың» соңғы бірнеше жылдағы өндірістік және қаржылық көрсеткіштері тұрақты екенін атап өткім келеді. Былтыр ҚазМұнайГаздың мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 21,7 млн тоннаға ұлғайды, көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 18,9 млн тоннаға жетті. Қазіргі уақытта компанияның шоғырландырылған активтері 32 миллиард долларға тең, акционерлік капитал 2022 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша 19 миллиард доллардан асты, - деді «Қазмұнайгаз» басшысы.

Мырзағалиевтің мәлімдеуінше, жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, компанияның таза пайдасы - 677 млрд теңге.

«ҚазМұнайГаздың» тұрақты қаржылық көрсеткіштері төленген дивидендтер көлемін 2016 жылдың қорытындысы бойынша 45 млрд теңгеден 2021 жылдың қорытындысы бойынша 200 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, компания болашақта акциялар құнының өсуіне себеп болатын бірегей жобаларға ие. Компания қоржынында қазірдің өзінде өндіру, тасымал және мұнай өңдеу бойынша әртараптандырылған және теңдестірілген мұнай-газ активтері бар, - деді IPO мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы