«ҚазМұнайГаз» басшысы «қатаң сөгісті» қалай түсінеді?

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев күзде алған «қатаң сөгісіне» қатысты пікір білдірді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Журналис Мырзағалиевтен «халық мұндай қатаң сөгістер жоғары басшылыққа әсер етпейді, олардың жалақысы да, сыйақысы да өз қалпында сақталады деп ойлайды?» деп сұрақ қойды.

Меніңше ол былай қаралады. Біріншіден, менің бонусым туралы сөйлесу әлі ертерек. Себебі, мен компния басшылығын қолға алғалы жеті-ақ ай болды. Екіншіден, әрине, сөгістің қаржылай әсері болуы мүмкін және психологиялық әсерін береді. Ол сөгіс одан көп жұмыс істеу керек еді, басқаша қарау керек еді деп түсінемін. Қортындылай келе, өз жұмысыңа, жұмыстағы әріптестеріңе өзгерістер енгізу секілді мақсатпен берілген деп ойлаймын. Ұстанымым сондай, - деді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы. 

Сондай-ақ компания басшысы Президенттік үміткер Нұрлан Әуесбаевтың  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бөлуге қатысты пікірін айтты.

Бұл кандидаттың жеке ұстанымы. Алдымен сайлаудың қорытындысын көрейік. Кейін оны талқылаймыз ба, талқыламайбыз ба соны анықтай жатармыз. «ҚазМұнайГаз» «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына қарасты мекеме, сондықтанда оның тағдыры туралы айтуға мүмкіншілігім жоқ деп ойлаймын, - деді Мырзағалиев. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы