«ҚазМұнайГаз» басшылығы ауысты

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының м. а. тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұжымына Асхат Хасеновты таныстырды, оған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілгенге дейін Басқарма төрағасының міндеттерін атқару жүктелген. 

Сондай-ақ, Қор басшысы Мағзұм Мырзағалиевке ҚМГ басшысы ретінде атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді. 

Асхат Хасенов Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ Мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядты операторы қызметінен бастаған. 

2006-2010 жылдары «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ-да жұмыс істеді, онда техникалық реттеу басқармасының жетекші маманынан бастап вице-президенттің басқарушылық лауазымына дейін қызмет атқарды. 

Әр жылдары мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарды.

 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың мамырына дейін Энергетика вице-министрі қызметін атқарды. 

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы